Get Adobe Flash player

АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - 2012 жылдан бастап ветеринария саласының мамандары «Дипломмен ауылға» бағдарламасы шеңберіне енеді.

 Бұл туралы бүгін Астанада «Дипломмен ауылға» республикалық жастар форумында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.

 «2012 жылдан бастап ветеринария саласының мамандары да осы бағдарлама шеңберіне енеді. Алдағы уақытта зоотехникалық, агрономиялық мамандықтар да кіреді деп сенеміз», - деп атап өтті министр.  

АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін Қостанай облысында ірі тауарлы сүт фермасы іске қосылды,

 деп хабарлайды «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның баспасөз қызметі.   

Жалпы құны 955 миллион теңге болатын «Сарыағаш» ЖШС жобасы Үдемелі индустриялдық-инновациялық мемлекеттік бағдарламасы аясында «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның қаржыландыруымен жүзеге асты.

Облыстың Денисовка ауданында орналасқан ферма 1250 бас ірі қараға есептелген.

АСТАНА. 5  желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Ауыл шаруашылығы саласын субсидиялау тетіктерін жетілдіру,

сонымен қатар бюджет қаражаттарын бөлудегі мөлдірлікті қамтамасыз ету мақсатында бүгінгі таңда Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан 2012 жылдың субсидиялау туралы ережелеріне тиісті өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірленіп жатыр.  Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен хабарланды.

ШЫМКЕНТ. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - ОҚО-да 3 жыл ішінде жылыжайлардың аумағы 3 есе өсті.

«2009 жылы жылыжай шаруашылығының аумағы 124 гектарды құраса, бүгінде оның көрсеткіші 3 есе өсіп, жалпы аумағы 383 гектарды құрап отыр», - деп айтты ОҚО ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Қанатбек Оспанбеков. Сонымен қатар бұл республикалық көрсеткіш бойынша 70% құрайтынын атап өтті.

Қанатбек Оспанбеков жылыжайдың бірінші айналымынан 20 мың тонна өнім өндірілгенін тілге тиек етті. Жылдың аяғына дейін 25 мың тонна көкөніс өндіріледі деп күтілуде.

 

Баннерлер

Мемлекеттік рәміздер

 

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауы

 

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

 

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ресми сайты

 

Электрондық үкіметі

 

«Халық IPO» бағдарламасы